Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қарағандылық түлектің өліміне себепкер – қытай лапшасы ма?

200

Оқиға осыдан екі күн бұрын Руслан Аймұхамбетовтың сыныптасының үйінде болыпты.

Ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылған үш жеткіншектің біреуі емтиханға дайындалып, түскі асты да бірге іштік дейді. Қасында болғандардың сөзінше, 17 жастағы Руслан қытай лапшасымен ауқаттанғаннан кейін өзін жаман сезіне бастаған.

– Кенеттен жерге құлап түскен түлектің аузынан көбік ағып, аяқ-қолы дірілдей бастады, – дейді сол кезде қасында болған Ерхан Мұстафаев.

Оқиға орнына келген ақ халаттылар оны аман алып қала алмаған. Жүрек-өкпе реанимациясын жасаған медицина қызметкерлері жедел жәрдемге қоңыраудың кеш түскенін айтады.

– Өкінішке орай, біздің дәрігерлер келгенде, зардап шегуші өмірден өтіп кеткен. Бірақ, соған қарамастан, дәрігерлер бәрін жасады, болмады, – дейді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Қара жамылған отбасы Русланның денсаулығы сыр беріп көрмегенін айтады. Қайғылы жағдайдан қабырғалары қайысқан жақындары Медициналық Университетке түсуді армандаған Русланның жақында Ресейде жобасын қорғап келгенін айтады.
Руслан Айтмұхамбетовтің денесі жер қойнына бүгін таңертең тапсырылыпты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз