Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қарағанды облысының Еркіндік ауылында карантин жарияланды

Қарағанды облысында күйдіргі күдігімен 8 адам тіркелді, оның ішінде 2 адам қайтыс болды. 6 пациент облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында қажетті барлық емді қабылдауда. Бұл диагноз зертханада, әзірге расталған жоқ.

Хабарламаға сәйкес, ағымдағы жылдың 7-маусымында 5 адам (бір отбасының мүшелері) Қарағанды облысы Шет ауданы Еркіндік ауылында мал дәрігерінің куәландыруынсыз сырқаттанған сиырды мал иесінің үйінде сойып тастайды. Сол күні олар малдың етін ауылдың 11 тұрғынына таратады. Ауруды жұқтырған мал етін қолдану нәтижесінде 11-14 маусым аралығында 8 адам сырқаттанды.

– Кеше кешке облыс әкімдігі Еркіндік ауылында карантин жариялады, елді-мекенге барлық келу және кету жолдары жабылды, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз