KASE қор биржасының 2 шілдедегі таңғы саудасында ұлттық валюта бағамы долларына 341,72 теңгеге тең болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2 шілдедегі таңғы саудадағы бірінші келісім 341,5 теңгемен жасалды. Минималдық құны 341,4 теңге болды. Ал максималдық құны – 342,08 теңге. Сауда көлемі 26,65 миллион долларға жетті.