Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
8
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
5.5
0.00

Қаныш Сәтпаевтың үлкен қызы Ханиса дүниеден озды

Ханиса Сәтпаева халық денсаулығын сақтауға баға жетпес үлес қосқан медицина саласы атақты ғалымдарының есімдері енгізілген Санжар Асфандияров атындағы мемлекеттік медициналық университеттің алтын Қорының өкілі болып табылады.

Ханиса Сәтпаеваның басшылығымен Қазақстан Республикасының барлық жоғары оқу орындарына валеология сабағын енгізілді. Ол 1999, 2007, 2009 жылдары мемлекеттік және орыс тілдерінде шығарылған валеология бойынша алғашқы типтік бағдарламаның және оқу-әдістемелік құралдың авторы болып табылады.

1995 жылы Қазақстанда алғаш рет Ханиса Қанышқызы медициналық және педагогикалық жоғары оқу орындарына арнап “Адам физиологиясы” оқулығын шығарды. Осы еңбегі үшін профессор Ханиса Сәтбаева Ахмет Байтұрсынов атындағы медальмен марапатталған.

Көп жылдық ғылыми-педагогикалық және қоғамдық қызметі үшін Сәтбаева “Еңбек Қызыл Ту” орденімен, “1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында көрсеткен қажырлы еңбегі үшін”, Павлов атындағы және “ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл” (2001), “Құрмет белгісі”, “Қазақстанның ғылымына еңбек сіңірген қайраткері” (1981) медальдарымен, “КСРО жоғары мектебінің үздігі”, “КСРО денсаулық сақтау үздігі” белгілерімен марапатталған.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз