Instagram пайда болғалы қазақстандық әншілер “шетелге барып демалғыш” боп алыпты.
Сосын суретін іліп қояды, парақшаларына:
Алтынай Жорабаева дейтін әдеміше келген әнші анау-мынау емес, Біріккен Араб Әмірлігінде демалып жүргенін жазыпты. Бірақ жұрт Дубайдың аптап ыстығында қалың киініп алғанына таңдануда.
Біріккен Араб Әмірліктерінде демалып келгендер қатарында танымал тележүргізуші Әсел Акбарова да бар. Ол өзінің парақшасында “өз арман-тілегімді өзім орындаймын, өмірімде “Аяз Ата” жоқ, бірақ, биыл жүрегімді ерітетін адам пайда болуы тиіс”, – деп жазыпты.
Продюсер Әлішер Нуржанов мен Кешью тобының бұрынғы солисі Айдана Меденова биыл Вьетнам еліне аттанған. Оңтүстік Қытай теңізіне түсіп, жергілікті жердің дәстүрлі тағамдарына, ежелгі мәдениетіне тамсанып, суреттерін желіге салып, пайдаланушыларымен бөлісуде. Бірнеше күн Вьетнамда болған соң, олар да Дубайға аттанғанын айтады. Онда қазір отбасымен демалып жатқан Салтанат Бақаеваны кездестіріпті.
Мақпал Исабекова биыл Үндістанда демалып қайтқанға ұқсайды. Желіде әншіні Мадикош деп атап кеткен пайдаланушылар түрлі пікірлер жазыпты. Оның ернін үлкейтіп алғанына, дене бітіміне қатысты бірқатар пікірлер айтылса, тіпті тұрмысқа шығуға ұсыныс білдіргендер де жоқ емес екен.
Үндістанда биылғы жылдың басында белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан да дем алып келген. Ол Гоаға балаларымен бірге барғанын жазған.
Танымал әнші Сиви Махмуди биыл дем алу үшін экзотикалық Таиландты таңдап алған. Әнші аралдың көрікті орындарында суретке түсіп көптеген суреттерін желіге салған.
https://www.instagram.com/p/BP-c162j3cS/
https://www.instagram.com/p/BP7p6OtDuET/
Белгілі әнші Диана Шарапова жолдасымен, ұлымен Египеттің әсем жерлерін аралап қайтқан. Және әнші жақында екінші рет ана атанбақ. Суға түсу биыл бұйырмады, теңіздің, жағажайдың әдемі көркін тамашалауға да болады ,- депті ол.
Танымал тележүргізуші және продюсер Баян Мақсатқызы бірнеше күн бұрын өзінің сүйіктісі Тұрсын Алагөзовпен Малдив аралдарының бірінде дем алып жатқанын жазған еді. Аралдың таңғажайып көркі мен тамағынан, ауа райынан, теңізден ертегідегідей әсер алып жатқанын айтады.
https://www.instagram.com/p/BQ2wb0nDRPg/
Танымал қазақстандықтардың көбі қысқы демалыстарында елде қалды. Қыс мезгілін әдетте шаңғы, шана, қар басқан тау-жоталарымен елестетеміз. Сондықтан, кейбіреулер қыстыгүні экзотикалық ыстық елдердің жағажайларына қызықса, кей отандық жұлдыздарымыз қыс мезгілінің өзіндік ерекшеліктеріне қызығады.
Актерлер Әсем Жәкетаева, Жандос Айбасов, Тәуекел Мүсілім, танымал әнші Қайрат Нұртас Алматы маңындағы Шымбұлақ, Ақбұлақ тәрізді белгілі дем алыс орындарында болған.
https://www.instagram.com/p/BO9rzMZj2a3/
Аяжан Төрехан