Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
4
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

«Әнімді Еркеге бергеніме өкінемін»: «Қайда» хитінің авторы әншіге ренішін айтты

I am a Singer жобасына қатысқан Диана композитор ретінде тасада қалып қойғысы келмейтінін, алдағы уақытта өз әнін өзі орындағысы келетінін жеткізді.

«Бұл әнді өзіме арнап жазғанмын.

Бір күні студияда жаздырып жатқанымды, Ерке Есмахан естіп қалып, маған берші деп өтінді

 Бірақ кейін бергеніме өкініп қалдым. Реніш болды. Себебі бір бағдарламада әннің сөзі толықтай Қайнар Алагөзовке тиесілі дегенді көрдім» дейді Диана Исмаилова.

Сөйтіп іріктеу кезеңінде дәл осы «Қайда» әнін орындады. Алайда Еркені табысқа жетелеген ән Диананың өзіне сәттілік сыйламады. Себебі көрермендер Исмаилованың өнеріне жеткілікті дәрежеде баға бермеді. Бұл ретте Сәкен Майғазиев пен Мақпал Исабекова Диананың өтпей қалғанына өкініш білдірді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз