Ресеймен шекаралас аймақта АҚШ-тың қазір 4 мыңға жуық әскері жаттығып жатыр. НАТО-ның сарбаздары Латвияда қақаған қыста мұздай суда малтуды үйренуде.
НАТО-ның жаяу әскері Адажи қаласының маңындағы көлге киіммен малтып жатыр. Оқу-жаттығудың мақсаты сарбаздарды ауа-райының қолайсыздығына қарамастан алған беттен тайсалмауға үйрету.
Солтүстік Атлантикалық келісім ұйымы Ресейдің Қырым мен Донбастағы аннекциясына байланысты шығыстағы одақтастарын қорғау мақсатында Литва, Латвия, Эстония мен Польшада әскери күштерін орналастырған.