Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
12
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
6.04
0.00

“Қане, кешірім сұра!”. Қыдырәлі өзін келеке қылған суретшіні сотқа бермек (фото)

256

Мұрат Ділмановтың суретінде ер адам төсекте отыр, ал әйелі ар жағында жалаңаш жатыр. Бірақ суретте Қыдырәлі Болманов бейнеленген деп еш жерде айтылмаған. Десек те, адвокат Әбеуов сот арқылы ақша өндіруге ниетті.

“Бұл карикатураның авторын жауапкершілікке тартуға жеткілікті негіз бар және суретте айтылған ой қорлау мәнінде. Қыдырәлінің бейнеленгені мамандарсыз-ақ түсінікті. Бірақ мен материалды сарапшыларға жібердім, олар осы карикатураны зерттейді (…)

Қыдырәлі төсекте жатқан әйелдің алдында отыр. Біз ол әйелдің Қарақат екенін болжаймыз, мұнда қорлау сипатындағы белгілер бар.

Осы жағдайда олардың балаларына моральдық ауыртпашылықтар түсуі мүмкін – олардың анасы жалаңаш көрсетілген. Ал егер ол Қарақат болмаса, басқа әйел болса, мұндай жағдайда да жауапқа тартуға болатын белгілер бар – бұл дегеніңіз суретші Қыдырәліні ашынасымен жатты деп көрсеткен деген сөз. Бұл – жеке өмірге қолсұғушылық. Біз суретшіден осы суретті жариялаған алаңда мұны жоққа шығаруды және кешірім сұрауын талап етеміз. Сонымен қатар, осы суретті желіде жариялағандарға сотқа дейінгі шағым түсірдім, көбісі өшіріп жатыр”, – деді заңгер.

Алайда әншінің өкілі моральдық шығын сомасын атай алмады. Айтуынша, бұл сома бірнеше факторға тәуелді. Егер мамандар карикатураны қорлау деп дәлелдесе, сонымен қатар, суретте Қыдырәлі мен әйелі бейнеленгенін анықтаса, сома еселеп көбейгелі тұр екен. Мұнымен қатар, шағымда сарапшыларды жалдауға жұмсалған қаражат та есепке алынады.

Әбеуовтің айтуынша, автордың карикатурасында ҚР Азаматтық кодексінің 145-бабын (“Өз бейнесiне құқық”) бұзуға бағытталған әрекет бар. Сондай-ақ, карикатурадағы мән-мағынасы ҚР Конституциясының 18-бабын (“Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар”) бұзады делінеді.

Болмановтың заңгері әртісті біреулер жаманатты қылғысы келеді деп есептейді. Ол Болмановты бүгінгі заманның батыры және ағартушысы деп атады. Адвокаттың пікірінше, Ділманов әртісті жаманатты қылған. “(…)

Өз кезегінде карикатурашы Мұрат Ділманов кешірім сұрамайтынын айтып отыр.

“Суреттің мәтінінен де, өзінен де қорлау белгілерін көріп отырған жоқпын. Заң тұрғысында не болса содан қорланып қалуға болады, бірақ моральдық азап көргеніңді дәлелдеуің керек. Сондықтан, егер ол (Қыдырәлі Болманов – Авт.) пікірлерден емес, суреттен қорландым деп есептесе, мұны сотта дәлелдесін. Мен кешірім сұрамаймын”, – деді карикатура авторы.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз