Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
422
+0.82
EUR
497
-1.77
RUB
5.53
-0.07

Анам күйеуімді жек көреді…

Анам Асланның ата-анасы сені жаратпайды, той туралы менімен ақылдаспады, адам құрлы көрмеді, күйеуім (әкем бірнеше жыл бұрын қайтыс болған) болмағасын басынды”, – деп есептейді. Аслан да өз әке-шешесінің сол күнгі қылықтарына көңілі толмағанымен, кейіннен бәрі өз орнына келді.

Ал менің анам сол күні, одан кейін де Асланға оның анасы туралы жаман-жаман сөздер айтып тастады. Бірақ ол үндемей, тыңдап отыра берді. Содан бері екі күнде бір не қылған отбасы олар, қызымды қандай жерге бердім” деп, телефонмен маған хабарласып жылап алады.

Біз Аслан екеуіміз бөлек тұрамыз. Анам Асланның ата-анасының үйіне баруға тыйым салған, баратын болсаң – сенің мені сатып кеткенің дейді. Анамды жалғызсыратқан емеспіз ешқашан, апта сайын күйеуім екеуміз демалыс күндері келіп, үйін жинап, өтініштерін орындап жүрдік.

Бірақ, не жасаса да, күйеуім ол кісіге бір жақпай-ақ қойды. Бірдеңені сәл дұрыс жасамаса, ол адам жаман деп шығады.

Жаңа жылда енем шақырды. Аслан екеуіміз менің анамды ертіп келуге барғанбыз. Бірақ мамам ескінің бәрін қайта қопарып, небір сөздер айтып, Асланға әке-шешесін жамандап шықты. Ол жолы да үндемей құтылған Аслан содан кейін, анамның үйіне бармайтын болды. Мейрамдарда ғана хабарласып құттықтайды. Енді маған хабарласып, мен күйеу балам деп сыйладым, сыйлықтар жасадым, ал ол жек көреді мені, үлкен отбасы боламыз ба десем, енді міне, жалғыз қалдым, сен бәрін құрттың”, деп ұрысты.

Мен қатты шаршадым

Менің анам күйеуіммен ажырасқанымды қалайды. Себебі, мен дұрыс таңдау жасамадым деп есептейді.

Бүгінде мен анама өз отбасым жайлы, күйеуімнің тірліктері жайында ештеңе айтпайтын болдым. Себебі менің кез-келген әңгімемді кейін бетіме басады. Күн ара телефон шалып, күйеуіңді тыңдама, отбасын өзің басқар, төбеңе шығарма оны, деуден жалықпайды.

Не істесем болады? Әбден шатасып кеттім. Екі оттың ортасында күйіп барамын. Анамды да аяймын, Асланды да жақсы көремін. Ол – жақсы жар. Бірақ оның жақсылығын анам көрмейді, байқамайды.
https://kaz.365info.kz/ony-erkek-eken-desem-apsha-ajda-y-anardy-o-i-asy-247147
Аяжан Төрехан

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз