Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-6
USD
524
+0.41
EUR
550
-0.35
RUB
5.01
+0.08

Комсомолдың 100 жылдығын тойлаған шалдарға өлең шықты

562

https://kaz.365info.kz/ol-otirik-ideya-shynshyl-ekonomist-ylken-maskharanyn-shetin-ashty-335461

100-ге келсе де Құдай алмады

20 жасында ВЛКСМ-нің қып-қызыл жетекшісі еді –
Қазір кәрі комсомол!
Жасында сірескен таяқтай-ды.
Қазір тойға барса да батасын
«Президент пен Нұр Отан жасасын!» –
деп бастайды һәм аяқтайды.
Жарықтық!
Сол сірескен таяқтай боп жүріп,
Өмірінде бір шек-сілесі қатып күле алмады,
Не еңіреп жылай алмады,
Не қартайғанда сәждеге жығыла алмай,
Не жас шағында удай мас болып жерге бір құлай алмады,
Жаны сірі екен,
Жасы 100-ге келсе де, – Құдай алмады!
Тоғыз басты айдаһардай
Тоғыз патшаны көрді,
Сол патшалардың сегізі өлді.
Қырық қатпарлы жаны шығып кетердей,
Қырық түймесін түгел қадап,
Галстугін қылғындыра байлап,
Әлі де өмірге құштар,
Иегіне сақал да шықпады үш тал.
Жүз жасау оңай ма,
Қазір жүріп-тұруы біршама қиындаған,
Сонда да басына бөрік не тақия бұйырмаған,
Сол баяғы оқшырайған сәбеттік шләпісі,
Сонымен кетеді енді, мына кісі!
Әшкиі шақшиып,
Әлі күнге оқитыны «Комсомольская правда»,
Пысқырмайды қазақша кәзит тұрмақ, Құранға!
…Бұ кісінің қылмысын айтсам – 40 том болар,
Не істемеді бұл! –
ілесем деп Коммунистік Ұранға…

Ұлтсыздар елді билесе… Қазақ — көрге кіріп, өлетін ұлт

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз