Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-6
USD
524
+0.41
EUR
550
-0.35
RUB
5.01
+0.08

Ұлтсыздар елді билесе… Қазақ — көрге кіріп, өлетін ұлт

468

Атақты жазушы Мұқтар Мағауин «Жармақ» деген романында өз-өзіне тіксіне қарап, барынан жиіркеніп, кердең қаққан қазақтың қайтып тұрмас көрге бет алып бара жатқанын былай деп жазыпты. Оқып көріңіз:

“Ежелегі Египеттегі перғауын пирамидаларын көрдім. Менде әуестік жоқ еді. Іш тарта таңырқау ғана бар. Содан соң мұң, шер. Бұрын әжептәуір мағлұматым болса да. Көзбен көргендей болмайды екен. Тамашалаған жоқпын, жабықтым. Болған, толған, өлген. Тастан тау тұрғызар перғауындар емес, ғаламат мемлекет құрған, мәдениетке, құдіретке жеткен халық. Екі мың, үш, төрт мың жыл жасаған. Сән, салтанат құрған, өкімі жүрген. Ақыры қартайған, тозған, жер бетінен көшкен. Жеке кісілер ғана емес, тұтас халықтар да өледі екен. Тау қопарса да, тас жарса да. Сонда мына ғажайып ескерткіш не үшін. Арттағыға белгі, атаулы мұра деген не. Кейінгілер үшін қызық. Өткендер үшін алданыш. Кетті-бітті.

…Месо-Америкаға бардым. Майя, әстек… тағы да жансыз, тілсіз, көне ескерткіштер. Күңіреніп тұр. Қаңырап тұр. Иесіз. Халықтан жұрнақ та жоқ. Мезгілімен қартаймаған, тозбаған, уақыты жетіп өлмеген, сыртан келген апат нәтижесінде келтесінен қиылған.

Қырылды, жойылды, жоқ болды. Тасқа түскен ізі ғана қалды. Одан өткен жұртқа не пайда. Ал, зерттеп жатыр, ашып, танып, айқындап жатыр. Кеткен ел қайта орала ма?

…Ойлап тұрсам, біздің халық кешкен жол – осы соңғы нұсқа. Таптады. Жаныштады, қырды, тек түгесіп үлгермеді. Ендігі шаруа-уақыт иелегінде. Күтпеген, көлденеңнен сыйға тартылған Тәуелсіздік деген айнадан нақты көрініп тұр – ұлы денең жазылмас сыртқатқа ұшыраған.

Ұлтсыздық деген. Мый құрты. Өзіңді өзің жұлып жеп бітіретін. Дерттің біржола дендеген пішіні. Үкімің шығарылған болашағың кесілген.

Елдің қамын жеуге тиіс ғылымдағы, өнердегі, мәдениет пен әдебиеттегі тарланбоздардың түгел ұлтсыздық дертіне шалдыққан.

Әлемде өз тілінен безген жалғыз ұлт болса ол – қазақ. Ана тілін тіршілікке қажетсіз деп санайды.

Сондықтан, баяғыдан орыс, енді ағылшын. Тума тілін білгісі келмейді, білсе тезірек ұмытуға тырысады…

Қазіргі «қазақ элитасының» жаңа әулеті өз ұлтын сыйламақ түгілі, қазақ атануды намыс көреді.

Сен білетін қазақ – өткен заман қазағы. Рас, ер болды, мәрт болды. Ел болды. Бірақ ол қазақ Кенесары-Наурызбаймен бірге өлген…”.

Рас-ау! Бүгінгі қазақ қоғамының диагнозын бұдан артық дәл қою мүмкін бе? Бұдан асырып айту қиын...

Ақшарқат Ахметбек

«Олжастар мұны ұға ма?.. «. Ұлтсыздардың ұраны жалпы адамзаттық болып келеді

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз