Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Олжастар мұны ұға ма?.. “. Ұлтсыздардың ұраны жалпы адамзаттық болып келеді

166

Қазақтың шын тарихы да әлі дұрыстап жазылған жоқ. Отарлаушы елдің ыңғайына қарай жазылған тарихқа әлі малданып отырмыз. Мәдениетіміз мынау, ата дәстүр, әдет-ғұрыпты өткен күннің сарқыншағы санайтын.

Тілімізге, дінімізге, тарихымыз бен мәдениетімізге осылай атүсті қарай берсек, түбі бәрінен жұрдай боламыз. Қазақ дүбәра атанып, ұлт ретінде жойылып кетуі де ғажап емес. Ал ондай сорақы күйге түспес үшін ұлттық иммунитет мықты болуы керек. Яғни, қазақ өз тілін, дінін, тарихын, мәдениетін қастер тұтқанда ғана өркениеттің өресіне иек арта алмақ.
https://kaz.365info.kz/nazarbaev-kimge-ornyn-beredi-olzhas-sylejmenov-myragerdin-atyn-ajtyp-khojdy-248640
Кезінде қазақтың бетке ұстар ірі жазушысы Мұхтар Мағауин «Жармақ» атты туындысында «Елдің қамын жеуге тиіс – ғылымдағы, өнердегі, мәдениет пен әдебиеттегі тарланбоздарың түгел ұлтсыздық дертіне шалдыққан» деп күйіне жазып еді.

Бұл жайында жөнінде белгілі жазушы Дулат Исабек бір сыр сұхбатында былай деген еді:
https://kaz.365info.kz/parlamenttegi-ltsyzdar-z-zhinalysyna-nege-ltshyldardy-sha-yra-bastady-227183
– Ұлтсыздық дертіне шалдыққандар не қазақ емес, не орыс, я болмаса еуропалық емес, екі ортада дүбәрә болып қалған ұрпақ.

Мұндай адамдардың негізгі ұраны жалпы адамзаттық болып келеді. Ондайлардан қорыққан жөн. Өйткені оларға сенің ұлтың, тілің, дінің қажет емес.

Мәселен кино саласын алайық. Жапон үшін, француз үшін таза қазақы қасиетті көрсететін кино керек. Соны олар бағалайды. Ал сен жалпы адамзат үшін түсірсең, оларға оның көк тиынға қажеті жоқ. Өкініштісі, бізде кино саласында еліктеу-солықтау басым. Өзіміздің ұлттық нәрімізді, барымызды көрсете алмай жатырмыз. Баяғы «Қыз жібек», «Менің атым Қожа», «Гауһартас» қандай фильмдер! Міне сол киноларда қазақы болмыс тұнып тұр ғой. Оны жапондар да, француздар да қызыға қарайды. Өйткені онда жалпылама емес, ұлттың мінез-құлқы, мәдениеті, салт-дәстүрі, бейнесі жатыр. Сонысымен құнды.

Рас, өзгенің өнерін сыйла, таң қал, бірақ табынба! Алдымен өзіңді сыйла, сосын барып өзгені.

Өзге ұлтты қайдам, біз кеңес заманында интернациолдықтың қазанында көбірек қайнап кеткен секілдіміз. Содан болар, өзімізді кейінге ысырып қойып, өзгеге қол соққанды ұнатамыз. Қараңыз, біздің қыздарымыз қытайға тұрмысқа шықса, бес жылдан кейін қытай болып кетеді. Жігіттеріміз де сол. Біздің арамызда жүрген көп ағаларымыз кезінде әйелді татардан алды. Ал олардың әйелдері өле-өлгенше татарша сөйледі. Өз тілін өлсе де ұмытпады. Ал біздің ұлттың адамдары керісінше, өзгелерге тізірек сіңіп кетуге бейім тұрады.

Неге? Қанымыз әлсіз бе, намыс кем бе?

https://kaz.365info.kz/aza-ty-t-uelsizdik-t-ardy-men-andrej-sen-sergej-bolar-edi-224025
Ақырзаманды жеке адам басына да, ұлт тағдырына да байланысты айтуға болады. Баяғыда Қалтай Мұхамеджанов қайтыс болғанда «әй ақырзаман осы шығар» деп едім. Анам қайтыс боларда жанында болдым. Жарық дүниемен қоштасарын сезді ме, көзіне жас толып пеш түбінде үнсіз жатты. Сүйтіп отырғанда көрші кемпір келді. Ол кезде ыдыс-аяқ кем кезі. Базардан алып келген әдемі өрнектелген сырлы қасық пен тостақ бар еді. Көрші кемпір келе салып соны алып табанына салып сындырды. Шешемнің аты Күміскүл еді. «Күміскүл, дүние ойран, ақырзаман, ақырзаман» деп дауыс шығарып қояды. Басқасын да сындыруға болатын еді. Қазір ойлаймын, әлгі кемпір жаңа ыдысты бекер шаққан жоқ-ау, дүниеден озып бара жатқан шешем өзінен кейін дүниенің қараң қалып, ойрандалып жатқанын сезсін деді ме екен.

Ұлттың жойылуы өте ұзаққа созылатын процес. Егер де біз тобырлық қалыпта қалатын болсақ түбі ақырзаманға душар болатынымыз хақ. Әрине, бұл жерде дүние қирап, аяғы көктен келеді деген мағына емес. Біз сол сыртқы келбетіміз қазақ болып қалғанымызбен, жан дүниеміз өзгеріп, тіліміз өшіп, өзіміз өзге ұлтқа жұтылып кетуін айтып отырмын. Бірақ мен өз ұлтым ондай күйге душар болады деп айта алмаймын.

Ең бастысы — біз өзіміз кім екенімізді ұмытпауымыз керек.

Бойда намыс, жігер болса оңайшылықпен ешнәрсеге дес бере қоймаспыз деп ойлаймын, деген еді Дулат Исабек.

Ақшарқат Ахметбек
https://kaz.365info.kz/tyngyshbaj-men-toregalidi-tiridej-komdik-khazakh-khajda-barasyn-296829

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз