Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да алмасу бағдарламасы бойынша білім алып жүрген америкалық студент Вилли Махер еліміздегі түрлі алкогольді ішімдіктің дәмін татып көріп, өз бағасын берді
«Сен әлі біздің ішімдіктің дәмін татып көрмедің». Бұл 365info редакциясында тәжірибеден өтіп жатқан Виллиге әзілдеп айтқан сөзіміз болатын.
365info.kz басшылығы зерттеу жүргізу мақсатында менен, оларда тәжірибеден өтіп жүрген америкалық студенттен қазақстандық алкогольді ішімдіктердің түрлерінің дәмін татып көруді сұрады. Бұл материалды дайындау мен үшін қиын болды. Жергілікті ішімдіктің барлық түрлерінің дәмін татып көре алмағаным үшін кешірім сұраймын.
Әрине, бұл америкалық алкогольді сусын емес, дегенмен мен өз елімде оның дәмін татып көргенмін. Америкадағы және мұндағы арақтың дәмі мүлдем басқа. Оны ішу мәдениеті де әртүрлі. Менің нені сезінгенім туралы толық сипаттамай-ақ қояйын, бірақ кейбір ойларыммен бөлісемін.
«Қызық, екі адамға бір литр арақтың не керегі бар!?»
«Окей, бір стакан деген жақсы! Бұл алкогольдің дәмінің барлық ерекшелігін сездім!»
«Тағы бір стакан ба? … Жарайды, ок…. Бәрі тамаша!»
«Тағы бір стакан ба? жақсы. Дегенмен жететін секілді»…
«Кім ішеді, не үшін құйдың!?»
Фудболкамды шешіп, үтелдің үстіне шығып ән айтқанымды білемін. Қандай ән айттым? Білмеймін, есімде жоқ… Американың атына кір келтірмей, АҚШ-тың әнұранын айттым деп үміттенемін.
Балл: 3/10 (үш рөмкеден артық ішуге болмайды, әйтпесе мен секілді фудболкасыз үстелдің үстінде ән салып жүресіз!)
Қуанғанда немесе мұңайғанда ішіңіз… немесе үстелдің үстінде билегіңіз келсе…
Америкалық эквиваленті: текила шығар (кешірші мені Мексика)
Маған бұл сыра Кеңес үкіметінде өндірілген автокөліктің құрметіне аталған деп айтқан еді. Сондай-ақ бұл машина басқа елдердің машинасымен салыстырғанда (мұнда оларды «иномарка» деп атайды) өте нашар деген сыбыс естідім.
Бірақ онымен аттас сыра туралы бұлай айта алмаймын. Арзан ба? Иә. Дәмді ме? Иә. Ақшыл сыра ма? Иә. Мінсіз алкогольді сусын ба? Иә.
Универсиетте оқитын мен секілді кедейлеу америкалық студенттер арзан ақшыл сыра ішеді. Автокөліктің атымен аталатын қазақстандық сыра менің отанымды есіме салады.
Балл: 10/10
Жақсырақ дүние сатып алуға ақшаңыз жоқ болғанда ішсеңіз болады.
Америкалық эквиваленті: кез келген ақшыл түсті сыра (Будвайзер, Хаммс, Грейн Белт, Корона – кешір, Мексика)
Мен кейде кейіннен өзімнің ақыл есімнің дұрыстығына күмәнданатын шешім қабылдаймын. Солардың бірі: самогон ішіп көру туралы шешімім.
Өзімнің бұрынғы қызыммен арақатынасымды тоқтатқаннан кейін, мен өзіме осы уақытқа дейін Шайтанмен сүйістім бе деген сұрақ қойып едім. Самогонды сауық-кештен кейін де сондай ойда болдым. Шындығын айтқанда, самогон ішкенше Шайтанмен сүйіскен жақсы екен.
Балл: -10/10
Вирустан қорғану үшін ішуге болады, самогонмен бірге организмге түскен вирустың тірі қалатынына күмән келтіремін.
Америкалық эквиваленті: муншайн («Айдың жарығы»), «Ақ найзағай»
Арзан сыра! Сізге ұнамады ма? Қараңғы аулада достарымен әңгіме-дүкен құрып отырғанды ұнататындарға арналған.
Балл: 9/10
Қылмыс әлеміне жақын болсаң ішуге болады.
Америкалық эквиваленті: 45 калибрлі кольт
Байқадыңыздар ма, жоқ па білмеймін, мен ішімдіктің маманы емеспін. Алайда ғылыми зерттеу үшін және бастықтарымның сөзін жерде қалдырмайын деп қазақстандық коньяктің дәмін татып көрдім. Шынымды айтсам, коняк дегеннің не екенін және оның неден жасалғанын да білмеймін. Біреулер одан құрт-құмырсқаның иісі шығады дейді… Оның жасалу технологиясы туралы білмегенім дұрыс шығар…
Балл: 5/10
Бастықтарыңыз сізге талап қойып, оның інеден жасалғанын білсеңіз ішуге немесе Америкадағы отбасыңызға кәдесый ретінде апаруға болады.
Бұл тізімге қымызды қоссам ба жоқ па деп ұзақ ойландым. Оның құрамында алкогольдің үлесі төмен ғой. Менің бауырыма үзіліс керек болғандықтан қосуға мәжбүр болдым. Әрине қымыз коньяк, самогон, сыра мен арақтан кейін ішетін болсаң мінсіз және пайдалы ішімдік болатынына күмәнім жоқ.
Балл: 8/10
Сенің ата-бабаң көшпенділер болса немесе пайдалы және дәмді сусынмен шөліңді қандыру үшін ішуге болады
Америкалық эквиваленті: ммм… сүт???