Белгілі әнші Алтынай Жорабаева айына 6 мың доллар несиесін төлей алмай қиналған күндері туралы айтып берді. Тіпті, осы жағдайға бола әншінің сотқа шақырту алған кездері болған екен.
“Иә, 2003-2004 жылдары менің басымда несие болды. Көлігімізді несиеге алып, кейін оны жаптық. Осыдан кейін жер үйді несиеге алдық. Үй менің атымда болғандықтан, сотқа шақырту алған жағдайлар болды”, — деді Алтынай Жорабаева “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында.
“Үйлердің бағасы жоғары болып тұрған кезде айына 6 мың доллар төлейтінбіз. Осы ақша бір жылдай уақыт төленбей қалды. Осының салдарынан іс сотқа кетіп қалған жағдайлар болды. Бірақ шамамен екі жыл бұрын жалғыз өзім несиені толықтай төледім”, — деді әнші.