Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Алты жасар Әсем Оңтүстік Кореяда қайтыс болды

Бүгін отбасы Сеулден ұшып Алматы арқылы Астанаға келеді. Жерлеу 3 қазанда сағат 10.00-де Екібастұзда өтеді.
Еске сала кетсек, 2015 жылы қыз балаға диагноз дұрыс қойылмаған, салдарынан ол шетелде емделуге квота ала алмады.
«Біздің ортаншы қызымыз Әсем, жасы 5-те кезінде 2015 жылдың қазан айында қатты ауырып қалды. Астанадағы Ана мен бала орталығының онкологиялық бөлімшесіне түстік. Оң жақ бүйректері нефробластома диагнозымен Әсем үш химиотерапия курсын алды. Қазан айында отамен оң жақ бүйректегі ісік алынды. Сонымен қатар ісік бауырға шауып кеткені анықталды. Бұдан соң біз химиотерапияны Қытайда жалғастырдық. Онда жаңа диагноз -қойылды. Бұл емделмейтін әрі сирек кездесетін ауру», – деп жазады Ахметжанов.
Желтоқсанда отбасы Мәскеуге тексерілу үшін Блохин атындағы онкологиялық орталыққа аттанды. Алайда жаңа жылдағы мерекелік үзіліске тап келген. Сондықтан ата-ана «Добровольное общество «Милосердие» қоғамдық қорынан көмек сұрады.
«Бұл қор Кореяға баруға кеңес берді. Сол жердегі жасалған зерттеу сынамасы өкпеде, бауырда, жүректе Вильмс ісігі бар екендігін көрсетті», – дейді марқұм қыздың әкесі.
Кореялық дәрігерлер 18 қаңтардан бастап қазақстандық пациентке химиотерапия курсын жүргізе бастады.
Ата-ана емдеу ақысын төлеу үшін несие алған. «Добровольное общество «Милосердие» қоры да көмегін берген.
Ал олардың айтуынша шетелде емделу үшін квота алу мәселесі ұзаққа созылып кеткен.

20161001215811

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз