Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Алматының экс-прокуроры қылмыскер Талғат Ермегияевпен араласқаны үшін қызметтен қуылған

Аниятулла Сәрсенов Ермегияевтың сұрауымен Ақмола облысындағы түрмелерді керек-жарақпен қамтитын «Еңбек» кәсіпорнындағы  қаржылық шикіліктерді жасырып қалған. Ал Алматының прокурорына келсек, ол биыл ақпанда қызметтен қуылған еді. Бастапқыда Бас прокуратура Ғабит Миразовтың не бүлдіргенін ашып айтпай, тек «тәртіп бұзды» деп, қысқа қайырған.

Сөйтсе, оңтүстік астананың бас прокуроры екі жыл бұрын «қазына қаржысын жымқырды» деген айыппен 14 жылға сотталған ЭКСПО-ның экс-төрағасымен байланысын үзбеген. Осыған қарағанда, ол Ермегияевтың қапаста шалқып өмір сүруіне де септігін тигізген секілді.

Себебі, ЭКСПО-ның бұрынғы басшысы үшін  абақтыда арнайы кабинет  жасақталып, оның қалаған уақытында жақындарымен кездесіп, тіпті камера ішінде алькогольдік ішімдік ішкені өткен жылдың аяғында әшкере болған-ды. Бұл былық анықталғаннан кейін түрменің бастығынан бастап 15 қызметкердің жауапқа тартылғанын айта кетейік.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз