Алматы қаласының Алатау ауданында шаруашылық қора-жай өртенді. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұханбетова хабарлады.
– 2016 жылы 13-маусымда шамамен 10:15 уақытында Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің «101» кезекші бөліміне Алатау ауданына қарасты «Шаңырақ-2» шағын ауданындағы Рахымов көшесі 161/1 мекенжайында шаруашылық қора-жай өртенді деген хабар келіп түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер бөлімі оқиға орнына 10 сағат 27 минутта келіп жетті. Сөйтіп, артынша өрт сөндіруге кірісті және бір мезетте онда адамдардың бары-жоғы туралы барлау жұмыстарын жүргізді. Өрт сөндіру барысында үш газ баллоны қауіпсіз аймаққа көшірілді. Өрт 10 сағат 44 минутта ауыздықталып, 11 сағат 14 минутта сөндірілді. Өрттің аумағы 80 шаршы метрді құрады, – дейді Сандуғаш Баймұханбетова.