Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
8
USD
432
+2.31
EUR
506
+3.43
RUB
5.52
+0.10

Алматыдағы меңгерушісі туберкулезге шалдыққан балабақша карантинге жабылмайды

Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Департамент басшысының айтуынша, әйел өзінің дигнозын жақында білген.

«Фтизиопульманология Ұлттық орталығында тексерілу кезінде әйелдің туберкулезге шалдыққаны анықталды.

Әйел адам балабақша меңгерушісі болып қызмет еткен. Ол үнемі тексерілуден өтіп тұратын. Барлық анализдер жақсы болған. Соңғы рет 2018 жылдың сәуірінде өткен», – деді Айзат Молдақасымова.

Қазір науқастың үйі мен балабақшада індетке қарсы шаралар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, науқастың 21 әріптесі мен 142 бала түгел дәрігерлердің бақылауына алынды. Олар міндетті түрде рентген тексеруінен өтеді. Алайда, ауыр жұқпа табылған балабақшаны мамандар карантинге жабуға асығар емес.

«Туберкулез жұқпасы карантинге жабуға себеп болатын жұқпа емес. Ол өзі «баяу» инфекциялар түріне жатады. Карантинге жабуға желшешек, қызылша, гепатит жұқпалары себеп болады. Өйткені олар тез тарайды. Тарау тізбегін үзу үшін карантин жарияланады.

Туберкулез жұқпасын жұқтыру қаупі өте төмен. Адамнан туберкулез жұқпасын жұқтыру үшін ұзақ мерзімді байланыста болу керек. 1 жылдан соң адамдардың иммунитеті қалыптасады. Одан әрі перзентханада сәби күнінде алған БЦЖ екпесінің 6-7 жылдың иммуниттеті қалыптасады.

Сондықтан, балабақша штаттық режімде жұмыс жасайды», – деді департамент басшысы А. Молдақасымова.

Бүгінде ұлттық екпе күнтізбесінде туберкулезден қайталап екпе салу қарастырылған.

«Иммунитеті қалыптаспаған 1 сынып оқушыларына қайталап салынады. Халық аузындағы «жұқпалы туберкулез» деген сөз науқастың қақырығында қоздырғыштар бер дегенді білдіреді», – деді А.Молдақасымова.

Қазіргі таңда инфекцияның жұғу көзін анықтауға барлық шаралар жасалып жатыр. Айта кету керек, Алматыда №144 балабақша меңгерушісіне туберкулездің жұқпалы түрінің диагнозы қойылған болатын. Осы уақиғаға байланысты балабақша ұжымы мен ата-аналар өте қобалжулы екендіктерін білдірген болатын.

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз