Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алматыдағы көлік жөндеу орны жөзекшелердің мекені болып шықты

314

Сейфуллин даңғылындағы көпқабатты үйдің пәтеріне баса-көктеп кірген полицейлер екі жігіт пен жас қыздардың көңіл көтеріп отырғанын көрген. Ал тәртіп сақшыларын байқаған бойжеткендер өздерінің ешқандай қызмет көрсетпейтінін айтып, ақталыпты.

Алматыда екі студент белгісіз жағдайда қаза тапты

Алайда олардың бар былығын қызық қуған клиенттері айтып берген.

“Екі қыз интимдік қызмет ұсынады. Сағатына 6 мың теңге”, – деген олар тәртіп сақшыларына.

Арада жарты сағат өтпестен қаланың Дулатов көшесінде тағы бір жөзекшелер ордасы анықталыпты.

Онда үшқабатты ғимараттың асты көлік жөндеу орны болса, жоғарғы қабаттары тәнін саудалаған қыздардың мекені екен.

Қарағанды облысында 12 адам дөнерден уланып ауруханаға түсті

Полицейлер бұл бір түндік рейдте 20-дан астам интимді қызмет көрсететін қыздарды анықтаған.

“Түнгі көбелектердің” неліктен мұндай әрекетке баратынына жас қыздардың бірі жауап қатқан. Ол өзінің баласын асырау қажеттігін, алайда күнделікті ақшасы жетпейтінін айтыпты.

Ал жөзекшелердің бірі күніне 20-25 мың теңге табатынын, ата-анасымен мүлде араласпайтынын жеткізген екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз