Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-9
USD
502
-5.12
EUR
521
-2.32
RUB
5.33
+0.05

Қарағанды облысында 12 адам дөнерден уланып ауруханаға түсті

160

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Ауруханаға түскендердің барлығы Абай қаласы орталығындағы  дүңгіршектен дөнер алғандарын айтқан. Содан кейін ақ өздерін жайсыз сезініпті. Сөздерінше, жұрт жиналатын үйреншікті жердің тағамы тіл үйіріп келген. Тексеріс басталғасын қазір дүңгіршектің жұмысы тоқтап, есігі жабық тұр. Мамандар ондағы тағамдардан сынама алып, сараптамаға жолдаған.

Қортындысы келесі апта шығады. Дөнерді дайындаған адам да медициналық тексерістен өтіп жатыр екен. Айжан Иса Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы: -Пациенттердің барлығы дөнер жегеннен соң ауырғандарын айтты. Барлығының беттері бері қарады.  Аяғы ауыр келіншектің де жағдайы жақсы. Денсаулығына қауіп жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз