Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Алматыдағы карантин: шекараны бұзғандармен қалай күресуге болады?

287
Сурет: Тимур Батыршин / Sputnik

Алматыда карантин енгізілгеннен кейінгі алғашқы бірнеше күннің ішінде облыстан қалаға кіруге тырысқан  ондаған адам әкімшілік тәртіппен жазаланды. Кезекті ұсталғандар туралы полиция күн сайын хабарлайды. 26 наурыздан бастап қаладағы төтенше жағдай одан әрі қатаңдатылды. Тек азық-түлік дүкендері, медициналық мекемелер мен жанар-жағармай бекеттері жұмыс істейді. Бірақ бұл карантин шекарасын бұзуға талпынған адамдарға кедергі бола алмауда. Неліктен бұлай болды және онымен қалай күресуге болады? Бұл жайында саясаттанушы Эдуард Полетаев өз ойымен бөлісті.

Шекара шартты түрде белгіленген

— Нұр-Сұлтанда қала сыртынан келетін  жұмысшыларға қатысты мәселе шешілсе, Алматыда бұл жағдай назардан тыс қалған, карантин салдарынан жұмыстан айырылған қызметкерлер саны Нұр-Сұлтанға қарағанда Алматыда көп. Блок бекеттерде сыбайлас жемқорлық фактілері болды, адамдар қалаға кіру үшін оларды айналып өтеді. Бұл карантин қалай ойластырылған және басқа тағы қандай салдары болады?

—Елдегі ең ірі агломерация — Алматыда. Оған орталық, Алматы маңында Қаскелен, Талғар сияқты бірнеше қалалар кіреді. Кеңес уақытынан бастап ірі Қарағанды агломерациясы — Теміртау, Саран және т.б. бар. Шымкент агломерациясында Түркістан мен Арыс сияқты қалалардың болуына қарамастан халықтың 10% -ы ғана тұрады.

Нұр-Сұлтан барлық халық жаппай тартылатын орталық ретінде дамыды. Адамдар тұрғын үйді бір шаршы метрдің құнындағы айырмашылыққа байланысты ғана елордамыздың жанында орналасқан шағын ауылдардан сатып алады. Олардың барлығы дәстүрлі түрде елордаға бұрынғы уақыттан бері жұмысқа барды. Онда блок бекеттерді айналып өту және карантин шекарасын бұзу мәселелері жоқ, жолдар көп емес және оларды бақылау оңай.

Алматы қаласының шекарасы шартты болғандықтан мәселе шиеленісіп кетті. Мегаполис аумағы үнемі үлкеюде

Мен урбанистикамен айналысып жүрсем де, қаланың шекарасы туралы нақты ешнәрсе айта алмаймын. Ол елдімекендердің, тіпті үйлердің арасынан өтеді. Қаланың қайда басталып, қайдан аяқталатынын айту қиын.

Эдуард Полетаев

Қала да, облыс та зардап шегіп отыр

— Қаланың маңына тұрғын үй кешендері көптеп салына бастады. Ол жерден алматылықтар пәтер сатып алды. Ендігі жерде олар да қаладан бөлініп қалды.

— Дәл солай! Адамдар өздерін қала тұрғындары деп санаған, бірақ іс жүзінде қаланың шетінен шыққан. Бұл бәрі дұрыс ойластырмайдың кесірі. Көптеген блок-бекеттер мен оларды тәулік бойы бақылауға қарамастан, адамдар қалаға бау-бақшалармен кіруге тырысқан. Әр метр сайын бір солдатты қоя алмайсың.

Оның үстіне, әлеуметтік желілерде қалаға ақша беріп, кіруге болады деген мәліметтер таратыла бастады.

Қалаға баратын және де қала сыртына шығатын миграция көлемін шартты түрде бірдей деуге болады. Көптеген өндірістік фабрикалар қала сыртына салынған

Онда көбінесе қалалықтар жұмыс атқарады. Фабрикаларға қажетті шикізаттар да теміржол арқылы қаладан келеді.

Көптеген өрескел қателік жіберілген. Бірақ мен тағы да бір даулы сынның астында қалмас үшін, билік тарапына ащы сын айта алмаймын. Асығыс жасалған жұмыс барысында жіберілген қателіктерді асықпай талдап, сараптау керек.

Карантин — қала маңындағы кенттер мен серіктес қалалардың адамдары үшін бұрын соңды болмаған құбылыс. Олар, әдетте, экономикалық жағынан тәуелді халық тобы. Дайындық уақыты аз болды, барлығыжұмыстарын аяқтай алмай, кішігірім айыппұл төлеп немесе пара беріп, карантин шекарасын бұзды.

Карантин аумағын кеңейту керек

— Карантин шекарасын  қайта қарау керек шығар?

— Бұны техникалық тұрғыдан жасау мүмкін. Ол Алматыны әскери топпен қоршаудан гөрі әлдеқайда оңай. Сол Талғардан немесе Қаскелеңнен шығатын жолдарды жабу ешқандай қиындық тудырмайды. Алайда карантин аймағының шекарасын бұзу жағдайларын азайтады.

2020 жылға дейін бұндай оқиғалар болмаған, дайындығы аз адамдар байқатпай өтіп кетем, пара бере салам деп үміттенеді.

Алматы әрқашан төтенше жағдай режимін енгізуге әлеуетті қала ретінде қаралды. Өйткені бізде жоғары сейсмикалық белсенділік бар. Сарапшылар, егер мұнда төтенше жағдай болса, жойқын жер сілкінісіне байланысты болады деп болжаған еді. 2-3 ай бұрын вирус қауіп төндіреді деп ешкім ойланбаған. Бүкіл әлем қытайлықтарды мазақтады, бүгін сол үшін жаза тартып отыр.

Барлық ел  проблеманы жоққа шығарып, оны әзілге айналдырып, бір алгоритммен өмір сүрді. Енді өздері де эпицентрге тап болды.

Алматыда карантин шекарасын кеңейтуді ойластыру маңызды, себебі саяжай маусымы басталады. Көптеген адамдар саяжайларында не болып жатыр деп ойлауда.  Мәселе ауыр. Менің ойымша, карантин кезінде шекараны заңсыз бұзатындарға қатысты   әлі де проблемалар пайда болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз