Жыл басынан бері Алматы қаласындағы пәтерлердің бағасы миллион теңгеге арзандаған екен.
Бұл туралы “Крыша” басылымы жазды.
Мамандардың айтуынша, наурыз айында Алматы қаласындағы пәтерлердің бағасы күрт арзандап кеткен. Мұндай жағдай соңғы рет 2016 жылдың қазан айында болған екен. Аналитик мамандардың ақпаратына сенсек, шаршы метр орташа бағамен 342 400 теңгеге сатылған.