Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-16
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Алматыда жүктемесі жоғары қиылыстардағы кейбір бағдаршамның жұмысы өзгертілді

6 ақпанда пилоттық режимде Назарбаев даңғылы мен Гоголь көшесінің, сондай-ақ Абылай хан даңғылы мен Гоголь көшесінің қиылыстарында жаңартылған қозғалыс сызбасы енгізілді. Қалған учаскелерде осындай өзгерістерді 15 ақпанға дейін іске асыру жоспарланып отыр.

Бағдаршам нысандарының жұмысын түзету Алматы қаласының Жол қозғалысын және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы мен Әкімшілік полиция басқармасы бірлесіп жүргізді. Пилоттық жоба аясында жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыруға және көлік қозғалысын жеңілдетуге бағытталған қосымша бағдаршам фазасы енгізілді.

«Өзгерістер қозғалысты оңтайландыру және апаттық тәуекелдің қаупін азайту мақсатында ең көп жүктемесі бар қиылыстарда енгізіледі. Жүргізушілер мен жүргіншілерге бағдаршам сигналдарын мұқият қадағалап, Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау ұсынылады», – делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз