Алматыда жеңіл көлік пен жүк көлігі соғылысып, жол-көлік оқиғасынан бір адам зардап шекті.
Бұл туралы СТВ телеарнасындағы “Территория происшествий” бағдарламасында хабарланды.
Жол апаты Момышұлы мен Жаңажол көшелерінің қиылысында болған. Toyota Camry Gracia көлігі оңтүстік бағытта келе жатып, Iveco жүк көлігін өткізбей, Жаңажол көшесіне қарай бұрылмақшы болған. Нәтижесінде жеңіл көлік жүк көлігін соғып кетіп, жүк көлігі аударылып кеткен.