Алматыда Subaru жүргізушісі өз көлігін талқандап, оқиға орнынан қашып кетті.
Бұл туралы “СТВ” телеарнасындағы “Территория происшествий” бағдарламасы хабарлайды.
Жол-көлік оқиғасы әл-Фараби даңғылының бойында болды. Куәгерлердің айтуынша, Subaru жүргізушісі бұрылыс кезінде басқаруды игере алмаған. Көлік үш металлдан жасалған қоршауды бұзып өтіп, бағанға соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік қатты бүлінген. Subaru жүргізушісі жол апаты болған жерден қашып кетті.