Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Алматыда жоғалған балалардың денесі табылды

176
Сурет: ntv.ru

12 ақпан күні түскі сағат 13:00 шамасында балалар Алатау ауданындағы №184 мектепке кетіп, байланысқа шықпаған. Олардың қазасы жайлы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлап қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты.

«Құтқару қызметтері Алатау ауданында жоғалып кеткен оқушыларды іздестіруді аяқтады. Денис Мельников, Вадим Сизов, Сабыр Дүйсеғалиев есімді өрімдей балалардан айырылып қалғанымызды өкінішпен хабарлаймын. Қайғы құшқан отбасылар мен олардың жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Балалар дұрыс қатпаған жұқа мұзды су қоймасында көз жұмды. Полиция департаменті мен ТЖ қызметтеріне оқиғаның себебін тергеу үшін арнайы топ құруды тапсырдым.

Зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетеміз. Тергеу барысы менің жеке бақылауыма алынды», –

деп жазды қала әкімі Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз