Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына 1998 жылы туылған азаматша Ж. Ерманованың із-түзсіз жоғалып кеткені туралы арыз 2-тамызда түскен.
Бұл туралы Алматы қаласы ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Арыз Сотқа дейінгі тергелетін істердің бірыңғай тізіміне тіркелген.
«Қолданыстағы регламент бойынша, іздестіруді ұйымдастыру және жүзеге асыру мақсатында криминалдық және жергілікті полиция қызметі бөлімшелері қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.
Қазіргі таңда біз жоғалған бойжеткеннің өмір салтын зерделеп, құрбыларымен және таныстарымен сөйлесіп, оның соңғы күндерде кіммен араласқанын, жақын болғанын анықтап жатырмыз», – дейді іздестіру жұмыстарының барысы туралы әңгімелеген Алмалы аудандық ішкі істер басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Рустам Әбдірахманов.