Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алматыда жантүршігерлік жол апатына себепші болған “Күзет” қызметкері сотта жылап жіберді

Жанатбеков мінген BMW 525 көлігі 14 сәуірде түскі 12:20 уақытында Алматыдағы Жангелдин көшесімен келе жатып Сидоркин қиылысына келгенде жолдың қарама-қарсы бағытына шығып кетіп, Matiz көлігімен соқтығысады. Қатты соққыдан кері лақтырылған BMW 525 көлігі екі жаяу жүргіншіні іле кетеді. Екеуі де оқиға орнына мерт болған. Тіпті, біреуінің денесі бөлшектеліп, шашылып қалған.

Осы көлік апатына қатысты сот Жетісу аудандық №2 сотында Елмахан Ділдәбаевтың төрағалығымен өтті. Сотта айыпталушы болған оқиғаға қатты күйініп, булыға жылады. Ол сотта ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасында жұмыс істегенін, бұған дейін сотталмағанын, отбасы, қызы барын айтты.

“Мен түнгі кезектен шығып, өз көлігіммен Рысқұлов/Сейфуллин көшесіндегі кеңсемнен келе жатқанмын. Сол күні тісім қатты ауырды. Қасымда достарым, әріптестерім болды, біз кезектен бірге шыққанбыз. Көлікте төрт адам болдық. Түнде ұйықтамадым. Жангелдин көшесімен келе жатып, алдымдағы Daewoo Matiz көлігі бұрылып жатқанда ойға батып кетіппін. Тоқтай алмайтынымды біліп, автобус жолағына қарай бұрып жіберіп, жол жиегіне шығып кеттім. Адамдарды қалай қаққанымды көрмедім. Көліктен шыққанда ғана көрдім”, – деді сотталушы.

Сосын ол сөйлей алмай тұрғанын айтып, жылап жіберді.

Ер адам оқиға болған күні мас болмағанын айтады. Сотталушының айтуынша, ол сағатына шамамен 80 шақырым жылдамдықпен келе жатқан. Оның айтуынша, түні бойы ұйықтамағаны, жұмыс орны ұялы телефон қолданғаны үшін түсініктеме жаздырғаны, тісінің қақсағаны — барлығы оны қатты ойландырып жіберген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз