Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Алматыда жаңбыр жауып, өзен тасып, көшелерді су басты (видео)

Алматы қаласы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3-ші және 4-желтоқсанда Алматыда жаңбыр жауып, ауа-райы күрт жылынып кеткендіктен Ақсай, Кіші Алматы, Есентай, Жарбұлақ, Тіксай өзендері кенерінен асқан.

«Салдарынан қаланың кейбір аумағын су басқан.  Тасқынның алдын алу үшін 4-желтоқсанда түнде 16 арнайы техника және 103 адам жұмылдырылды», — дейді баспасөз қызметіндегілер.

Бүгіндері негізінен су басқан жер тазаланған, енді арық жүйелеріне кірісіп жатыр. Алматы қаласының төтенше қызметі 4-желтоқсанда шұғыл желіге аулаларына су кіріп кеткендігі туралы 28 хабарлама келіп түскенін айтады. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті келіп түскен хабарламалардың барлығына сәйкес, шара қабылданғанын хабарлады.

Ал әлеуметтік желіде Алматының Райымбек даңғылында орналасқан „Жібек жолы„ базарын су басқан видео жарияланды. Онда еріген қар мен мұз көшені алып жатыр. Алматылықтардың жазуынша, алдында шектен тыс түскен қарды дұрыстап күреп, шығармағандықтан осындай  жағдай орын алған.

https://www.youtube.com/watch?v=g9JKu7NYmgk

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз