Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
443
0.00
EUR
475
0.00
RUB
4.74
0.00

Алматыда заңсыз жер телімін сатқан азамат ұсталды

Күдікті Түрксіб ауданы Қайрат ауылындағы өзіне тиесілі емес жерлерді сату мақсатында заңсыз келісімдер жасасқан.

«Күдіктінің сөзіне қарағанда, ол әкесіне тиесілі болған 12 және 8 сотық жер телімінің құжаттарын тауып алып, сатпақ болған. Бірақ, сатып алушыларға басқа жерлердің құжаттарын көрсеткен. Факт бойынша, қазіргі уақытта ол жер телімдері өзге адамдарға берілген. Оны күдіктінің білмеуі мүмкін емес. Келісім жасаса отырып ол, сатып алушының ақшасын алып, құжаттарды ресімдеуді уақытының жоқтығына сілтей отырып созып келген. Өкініштісі, сатып алушылар, құжаттардың дұрыстығына көз жеткізбестен қомақты қаражаттарын берген», – деді Түрксіб ауданы ішкі істер басшысы, подполковник Жасұлан Тұрысбаев.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Қазір ол кінәсін мойындап, келтірген шығынды қайтарып беретінін айтып отыр. Оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция нақты шығын сомасын анықтау үстінде. Сонымен қатар, күдіктінің өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Полиция осы іске байланысты зардап шегушілер болса, 298-54-00, 298-54-01 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз