Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Алматыда үндістандық студентті өлтірді деген күдікпен 31 жастағы әйел ұсталды

156

Студентті өлтірді деген күдікпен 31 жастағы әйел ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Дереккөзге сүйенсек, Үндістаннан келген студент пәтер жалдап тұрған. Видеокамераға түнгі сағат 12-ге қарай пәтерге студент пен әйел адамның кірген сәті түсіп қалған. Ал таңғы сағат 4-те пәтерге, алдын ала болжам бойынша, әйелдің күйеуі немесе онымен бірге тұратын ер адам кірген. Сағат 8-де студент ес-түссіз жатқан.

Дереккөздің айтуынша, пәтер иесі полиция мен жедел жәрдем шақырған. Бірақ студент ауруханада қайтыс болған. Алматы қалалық Полиция департаментіндегілер осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Студентті өлтірді деген күдікпен Түркістан облысының 31 жастағы тұрғыны ұсталды. Ал құқық қорғау органдарының мәліметінше, әйел адам алкоголь ішкен. Күдікті қамауға алынды.

Университеттегілер Кумар Хеманттың медицина факультетінде оқығанын растады. Сондай-ақ, олар жатақханамен тек бірінші курс студенттерінің қамтамасыз етілетінін хабарлады. Қазіргі уақытта университет өкілдері Үндістан консулымен студенттің денесін отанына жеткізу мәселесімен айналысып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз