Алматыдағы атыстан соң Қазақстан мен Қырғыз Республикасының шекарасы күшейтілген режимге көшті. Бұл туралы Қырғыз Республикасының шекара қызметінің қоғаммен байланыс бөлімінің баспасөз қызметі хабар таратты.
Алматыдағы төтенше оқиғаға байланысты Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекара қызметі қырғыз-қазақ бөлігіндегі мемлекеттік шекараның қорғанысын күшейтті.
„Шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік шекараның қырғыз-қазақ бөлігіндегі шекара бекеті мен бақылау-өткізу пункті сырттан қосымша әскерилермен толығып, күшейтілген режимге көшті„ делінеді шекара қызметінің хабарламасында.