Алматыда жедел жəрдем жүргізушісі соққыға жығылды. Науқасты алып бара жатып өзі ауруханадан бір-ақ шыққан жәбірленуші, оқиғаның қас-қағым сәтте болғанын айтады.
Көлігімен оның алдын орап тоқтаған жігіт бас-көзге қарамай сабай жөнелген. Жәбірленушінің айтуынша, оның екінші жолаққа ауысқан әрекеті бұзақыға ұнамай қалса керек. Ал, білектің күшіне сеніп, зейнет жасына жақындаған жүргізушіні төмпештеген Түркия азаматы екен.
Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққының астына алған жігіттің арыны қатты. Сілтеген жұдырықпен қоса небір балағат сөзді қарша боратқан оған зейнеткерлік жасына жақындаған жүргізуші қарсылық та таныта алар емес. Көлік ішіндегі науқас пен дәрігер әлдекімнен көмек сұрап жан ұшыруда. Ал көшедегі кикілжіңнен әлі өз-өзіне келмеген Николай Кучма бәрі қас-қағым сәтте болғанын айтады.
“Біз Мақатаев көшесімен батыс бағытқа жүріп келе жатқанбыз. Көлік ішінде ауруханаға алып бара жатқан науқас бар. Менің екінші жолаққа өтуге ыңғайланғаным оған ұнамай қалса керек. Бірақ ешқандай сөкеттік жасамадым. Ал ол менен озып алдыма тоқтады да, төбелесті бастап кетті. 13 жылдан бері жедел жәрдем көлігін тізгіндеп келген Николай Кучма өмірімде мұндай сорақылық пен қорлықты көрмеппін”, дейді жедел жəрдем жүргізуші Николай Кучма.
https://www.instagram.com/p/Bn3UHs8HLN1/?utm_source=ig_embed
Себебі, оның ауыр соққыдан қабағы жарылып, мойны жарақаттанған. Ырсиған жараның орнын тіккен дәрігерлер амбулаторлық ем қабылдауға ауыстырғанын айтады. Ал жыл басынан бері Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне қатысты осындай 4 төтенше оқиға тіркеліпті.
https://kaz.365info.kz/kharyzga-batkhan-anasyn-tygyrykhtan-shygaru-yshin-khalaga-attangan-khyzdyn-tagdyry-332322
Сондықтан өзгенің өмірін аралашалауға асығатын жандарға кез-келген жерде түсіністікпен қарау керек дейді станция басшылығы.
“Барлық Алматы қаласының тұрғындарын жедел жәрдемге кедергі туғызбауға, жолда келе жатқан кезде сигналды естіп, сары машинаны көрген кезде жүргізушілер мен тұрғындар жол беріп, науқасты ауруханаға жеткізуге жағдай туғызуға шақырамын”, дейді Сəбит Пазылов медициналық жедел жəрдем станциясының бас дəрігері.
Жедел іздестіру шарасын қолға алған полицейлер жол бойында жұдырық ала жүгірген жүргізушіні құрықтағанын айтады. Ол 28 жастағы Түркия азаматы екен. Қазір бұзақылық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталыпты. Ал бір апта бойы ем қабылдайтын жəбірленуші өзгелерге сабақ болуы үшін сотқар жүргізуші қатаң жазалануы тиіс дейді.
https://kaz.365info.kz/klastasym-khyrtty-golovkin-turaly-zhalgan-malimet-taratkhan-zhigit-maskhara-boldy-video-332357
Дерек көз:Ктк.