Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Алматыда трамвай рельстерінің орнына веложолдар салынбақ

Білек сыбанған құрылысшылар жұмысқа қызу кіріскен. Олар Өтепов көшесіндегі шойын жолдарды жаппай жұлып жатыр. Ұзын-ырғасы 918 метр трамвай рельсі жермен жексен етілмек. Мердігерлер 60-қа жуық адамды осы жұмысқа жұмылдырған. 20 шақты техника тағы бар.

«Жұмысты тамыз айының соңына дейін бітіреміз. Рельстерді алып тастаған соң, тас жол төсейміз. Жан-жағына гранит тастар қойылады. Кейін, маңайды толық көріктендіреміз»,- деді Мердігер компания бригадирі, Рустам Бижан-Оғлы.

Жолдың қос жиегіне салынатын веложолақтардың жалпы ұзындығы 7 жарым шақырымнан асады.

«Магистральді көшелердің қиылыстарында, 18 қиылыста трамвай жолдары алынады. Ол көліктердің жүру қарқынын арттыру үшін жасалады. Бұл жұмыстарды бастау 15-ші маусымға жоспарланған. Ал, барлық жұмыс 25-ші тамызға дейін аяқталуы тиіс»,- деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бөлімінің бас маманы, Айдын Тойбазаров.

Алматыда трамвай жолдары алғаш 1937 жылы төселген еді. Қоғамдық көліктің бұл түрі өткен ғасырда сұранысқа ие болған. Алайда, 90-шы жылдар таяғанда олардың бағыттары күрт қысқарады. Ал, 2015 жылы трамвайлардың қатысуымен 2 бірдей ірі жол апаты тіркеледі. Осыдан барып, қала басшылығы олардың жүруіне тыйым салу туралы шешім шығарған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз