Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Алматыда “тіл мен көзден сақтайтын” алаяқ ұсталды

34 жастағы Алматы облысының тумасы Әуезов ауданында «қызмет» етіп келген. Оның айтқанына сенген адамдар әрбір «қызметі» үшін қомақты қаражат төлеп отырған.

«Негізінен ол әйелдерді алдап келген. Атап айтқанда, ол тіл мен көзді, дуаны алып, болашақты болжап беріп отырған. Тіпті бір адамнан келіншек 200 мың теңге алған. Алайда, оның көрсеткен қызметінен еш нәтиже болмаған.

Сөйтіп алданған әйелдер полицияға арызданған. Қазір оған қатысты ҚР ҚК 190-бабы бойынша алаяқтық жасады деген айыппен қылмыстық іс қозғалды.

Егер осы әйелдің қызметінен жапа шеккен адамдар болса, 298-53-00; 298-53-01 және 298-53-02 телефондарына хабарласуын сұраймыз», – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының басшысы Әлішер Тұрсынбетов.

Полицияның айтуынша, әйелдер оның қызметі жайлы ұзынқұлақтан біліп отырған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз