Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алматыда тапатал түсте көлік көп жүретін тас жол опырылып түсті

101

Тұрғындар жер астынан су кетіп жатқанын кеше таңертең байқап, апат қызметіне хабар берген. Толассыз ағып жатқан су тас жолдың астындағы топырақты шайып жіберген, салдарынан көлік жүретін асфальт та, жаяу жүргіншілерге арналған бөлігі де опырылып, үлкен шұңқыр пайда болған.

Кеше жұмысшылар жарылған құбырды алмастырған. Ал бүгін тас жолды қалпына келтіру жұмыстары басталады. Бұл маңайдағы су құбырлары 80 жылдары салынған екен. Сондықтан тозығы жеткен диаметірі 1 метрлік құбыр су өткізе бастаған. Құбыр 7-8 метр тереңдікте орналасқандықтан жұмысшыларға оны ауыстыру үшін біраз тер төгуге тура келді.

Күні-түні тыным таппай жұмыс жасап жатқан жұмысшаларға арналып апат орнында арнайы штаб та құрылды. Жалпы оңтүстік астанада су құбырларының ұзындығы 3 мың шақырымға жетеді, оның 63 пайызы ескірген. Сондай-ақ жылу жүйесі құбырларының да ахуалы мәз емес. Сондықтан Алматыда кез-келген уақытта, кез-келген жерден құбыр жарылып, апат орын алуы ықтимал.

“Біз өз қаражатымыздан 18-20 шақырым су құбырын ауыстырамыз. Соңғы алты жыл ішінде Алматы қаласы бойынша өз тарифімізге, “Алматы судың” өз қаражатына 130 шақырым су құбырын ауыстырдық”, – деді “Алматы су” холдингінің қоғаммен байланыс қызметінің маманы Серік Шагиров.

Жаңадан салынған Момышұлы көшесі бұған дейін де опырылып, көлік жүргізушілеріне ыңғайсыздық тудырған. Ол кезде жол сапасыз салынды деген болжам айтылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз