Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
1
USD
426
-0.19
EUR
496
-1.93
RUB
6
-0.02

Алматыда сүрілуге жататын ондаған үйдің тұрғындары билік құрылыс жүргізушілермен келісім жасасты деп күдіктенуде

290
Алматы қаласы Бостандық ауданындағы салынатын құрылыс жобасы

Белгілі журналист және қоғам белсендісі Ольга Гумирова өзінің Facebook-тегі парақшасында Батыс Қазақстандық құрылыс компаниясы өте “сәнді” жерде 12 қабатты үйлер салуды жоспарлап отырғанын айтты.

Сіздікі болған – енді біздікі ма?

“Жақында біз барлық пәтерлері жеке меншік болып саналатын үйлерімізді Бостандық ауданының әкімдігі бұзып, жерді басқа жеке меншік иесіне коммерциялық құрылысқа беруге шешім қабылдапты”, – деп жазды Гумирова. — “Яғни, ешқандай сот пен тергеусіз бізді өз пәтерімізден шығарып тастамақшы, сосын біздің шаршы метрі өте қымбат жерді, орталықтағы аймақ емес пе, құрылыс олигархына жеке меншікке сыйға тартады немесе сатады! Ия, олар 12-қабатты үйдің бізге ұнамайтын қабатынан аумағы біздің пәтерлерімізге тең келетін қираған бір пәтерін  бөлуге уәде береді.

Бірақ алдымен үйлері бірінші болып бұзылған адамдар қанша жыл уақытша тұрғын үй жалдап тұратындығы және тіркеусіз жүретіндігі белгісіз. Менің бір танысым осылай қонысын 8 жыл күтті

Яғни, бұрынғы жеке меншік иелері қаңғыбастың күйіне түскен өздеріне қашан пәтер береді деп күтеді. Құрылыс салушының коммерциялық құны бойынша тұрғын үйді сатып алуға ақшасы жоқ, бірақ құрылыс салғысы келеді, иә? Тұрғын үйді сатудан түскен пайдаға есептей ме сонда? Белгілі және өте кең таралған тәсіл.

Үйдің құрылысын салу орасан дағдарысқа ұшырап, мемлекет ол үйлердің құрылысын аяқтауды бюджет есебінен жүзеге асыруға мәжбүр болған кезеңдер де болды. Ондай жағдайды қалай атауға болады? Азаматтың жеке меншігіне өз қалауы бойынша билік ету құқығы ма? Жоқ, ондайды естіген жоқпыз!

Ольга Гумирова

Егер бұрын құрылыс компаниялары тұрғын үй мен жерді қала тұрғындарынан “Алматыжер” арқылы алатын болса (әрине әкімдіктердің араласуынсыз болмайды), енді делдалсыз басып алуды шешкен сияқты.

Әкімдіктер өздеріне рейдерлердің рөлін алып, олигархтардың пайдасына қала тұрғындарының, парасатты салық төлеушілердің жеке меншігін өздері тартып алып бере ме?

Мұндай заңсыздық тек Бостандық ауданындағы Әуезов — Бұқар жырау — Манас — Ғабдуллин көшелерінің аумағындағы тұрғындарында ғана емес, бүкіл қала бойынша да орын алуда”.

Ауқымды қоныстандыру бағдарламасы

Осы толқында саясаттанушы Данияр Әшімбаев тұрғын үймен сыбайлас жемқорлық сызбаларына араласқан шенеуніктердің бұрын болған “қоныстандыруын” еске алды.

Данияр Әшимбаев, фото radiotochka.kz сайтынан алынды

“Алматы әкімдігі тұрғындардың өтініші бойынша, әбден тозған 708 тұрғын үйді бұзбақшы”, — деп жазды саясаттанушы. — “Ескі тұрғын үйлерді “жаңарту” және көп қабатты жаңа тұрғын үйлерді салу бағдарламасының” бюджеті 50 млрд теңгеге бағаланды. Сонымен қатар, көптеген апаттық нысандарды күрделі жөндеу арқылы жаңарту аясында да жоба жүзеге асырылуда. Ол бұрын басқа бағдарламалар аясында жүргізілетін.

Соңғысының мәні әкімдік пен оның уәкілетті кеңселері тұрғындарға несие алуға мәжбүрлейтін өте қымбат сметаларды ұсынуда

Есімде қалғаны, осы бағдарламалар аясында қаражатты ұрлау бойынша бірнеше шенеунік, оның ішінде аудан әкімі де тұтқындалып, темір торға қамалды.

Бұл ретте, алдағы болатын құрылыс-жемқорлық апокалипсисінің аясында Алматы әкімдігі құрылыс үшін сатылған жер телімдерінің, оның ішінде тыйым салынған нүктелі жер телімдерінің тізімдерін жария етуден бас тартуда.

Тиісті әлеуметтік инфрақұрылымсыз құрылыстар санкцияланады. Белсенділер мен мамандар бекіткен қаладағы жаңа құрылыстар құрылыс, экологиялық және басқа да нормаларды бұза отырып жүргізілуде. Елбасының да, Президент Тоқаевтың да тікелей тыйым салулары мен тапсырмалары еленбейді”.

Әдемі жер, бірақ қауіпті

Сонымен қатар, атақты Алматы көрмесінің жанындағы “бағалы” шаршы алаңда Батыс-қазақстандық компания салуды жоспарлап жатқан құрылыстың кейбір қырлары анықталуда. Осыдан бір жыл бұрын бұзылған кварталдың тұрғындары үйлерін бұзудан бас тартатындығы туралы тұрғындардың қолын жинапты.

Ольга Гумированың айтуынша, олар мүлдем ескірмеген, көптеген үйлер толығымен күрделі жөндеуден өткен екен. Иә, олар Алматыда соңғы жылдары сәнді құрылысқа айналған 12 қабатты емес. Сонымен бірге бұл аймақта көп қабатты құрылыс салуға болмайды.

— Біздің ауданда тектоникалық жарылыс бар және жер асты сулары жер бетіне жақын орналасқан, – деді Ольга. — Дәл осы себеппен бірнеше жыл бұрын “Базис-А” біздің жерімізде құрылыс жұмыстарын жүргізуден бас тартқан.

Тіпті аяқталмай тұрған “ескерткіш” те, – құрылыс кезінде жертөлесі үнемі суға толып қалатын қонақ үй де бар

Бұл тығыз нүктелік құрылыс салуға арналған орындарды неғұрлым жан-жақты қарап, таңдау керек екендігінің көрсеткіші емес пе? Сонымен қатар, қазір біздің 2-3 қабатты үйлерде үш жүзден астам адам тұрады. Ал құрылыс салушының жоспары бойынша 4 мыңға жуық тұрғын болады. Бірақ біздің кварталымыздың бір де бір тұрғыны құрылыс жобасынан әлеуметтік нысандарды көрген жоқ? Олар жоқ!

Журналистің айтуынша, Бостандық ауданының әкімдігі бұзылатын квартал тұрғындарының наразылығына дайын болған. Сондықтан үнемі қоғамдық тыңдаулар қашықтықтан, онлайн түрде өтеді.

– Бұл біздің үйлерімізді бұзуды көздеген билік үшін өте ыңғайлы ресурс”, — дейді Ольга Гумирова. — Өйткені,

біздің тұрғындардың кем дегенде үштен бірі зейнеткерлер. Олар ғаламторға кірмейтін кнопкалы телефондар қолданады, немесе онлайн платформаларды қалай пайдалану керектігін білмейді

Бәрінен де бізді толғандыратыны құрылыс салушының ешқандай да кепілдігінсіз ешбір құқықсыз уақытша қайда тұратынымызды білмейтініміз. Бізге түсіндіргендей, ол болашақ тұрғындардың құрылысқа үлестік қатысу жүйесі бойынша жүргізіледі. Демек, егер процесте бірдеңе дұрыс жүрмей жатса, біздің ақшамыз бен үйімізді кімнен сұрайтынымыз белгісіз.

Жақын арада редакция әкімдік пен құрылыс салушының түсініктемесін жариялайды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз