Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
20
USD
444
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.82
0.00

Алматыда стильді музыка, заманауи өнер және көше тағамдарын біріктіретін бірегей фестиваль өтеді

2023 жылдың 5 тамызында Offtop club (Сағадат Нұрмагамбетов көшесі, 232) алаңында Tiger Summer Fest екінші фестивалі өтеді. Бұл стильді музыка, заманауи өнер және көше тағамдарын біріктіретін бірегей жазғы демалыс орны.

Шара бағдарламасында ойын-сауық, сыйлықтар, авторлық мәзір, интерактивті қойылым, әлемдік деңгейдегі жұлдыздардың өнері, жоғары деңгейдегі премьералар және сүйікті тректер болады.

Tiger Summer Fest 2023 фестивалінің хедлайнері Guano Apes неміс тобы. Ал арнайы шақырылған қонақ – Animal Jazz.

Фестиваль сахнасында SAMRATTAMA, SHIZA, yes/no/notsure, LieLie, ал ди-джей стендінде Kingsteppa aka Steppa-T, Pluzhnik, Varfalamei, Kritechno өнер көрсететін болады.

Tiger Summer Fest қонақтары үшін бірегей рецепт бойынша жасалған арнайы жалпы азиялық фестиваль мәзірі әзірленді. Тіпті веган жандар фестивальде ерекше дүниелерді таба алады. Авторлық сусындар тағы бар. Фестиваль мәзірін тек Tiger Summer Fest-те көруге болады.

Фестиваль бағдарламасында ойындар мен ойын-сауық, арт-инсталляциялар, фестиваль қонақтарының қатысуымен Repas тобының  интерактивті қойылымы болады. Сондай-ақ, ұтыс ойыны аясында Сингапурға екі адамға арналған билет ойнатылады.

Tiger Summer Fest 2023 аумағы Main, Fan, VIP секілді үш аймаққа бөлінген.

Main – фестивальдің ең үлкен аймағы. Ол фестивальдің іс-шараларын, демалыс орындарын (бинбег қапшықтары мен көлеңкеге арналған қолшатырлар) және стендтердің көпшілігін қамтиды.

30 маусымға дейін Main алаңына билеттер құны 15 000 теңге, 30 маусым мен 5 тамыз аралығында 20 000 теңге. Билет фестивальдің барлық іс-шараларына қол жеткізуге мүмкіндік береді, тек Fan және VIP аймақтарына кіре алмайды.

Fan – кең би алаңы бар сахнаға ең жақын аймақ. 30 маусымға дейін Fan билеттерінің құны 20 000 теңге, 30 маусым мен 5 тамыз аралығында 25 000 теңге болады.

Fan аймағының билетң фестивальдің барлық іс-шараларына және VIP-тен басқа аймақтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

VIP алаңы бөлек орналасады. Оның ішінде бар, Tiger Beer құйылған сусын, жеңіл тағамдар мен сахнаның ең жақсы көрінісі бар орындар орналастырылады. VIP билет барлық іс-шараларға және фестивальдің барлық аймақтарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

VIP билеттер құны 30 маусымға дейін 30 000 теңге, 30 маусым мен 5 тамыз аралығында 40 000 теңге болады.

Фестивальдің жас шегі: 21+

Қосымша ақпарат:

– Фестивальге тек жеке куәлікпен ғана кіруге болады. Түпнұсқасын ұсынуға немесе электронды нұсқасын Kaspi, Egov қызметтері арқылы көрсетуге болады. Құжаттың фотосуреті қабылданбайды.

– Фестиваль алаңына 21 жасқа толмаған қонақтар жіберілмейді. Билет сатып алған қонақ билетті алдын ала қайтаруы керек, себебі билет құны кіре берісте қайтарылмайды.

– Фестиваль аумағына өз сусындарыңызбен және тағамыңызбен кіруге тыйым салынады.

– Фестиваль аумағына тесетін және кесетін заттарды, қару-жарақтарды, соның ішінде пневматикалық қару, бұрыш спрейін және фестивальдің басқа қонақтарының денсаулығына қауіп төндіретін басқа да заттарды әкелуге қатаң тыйым салынады.

– Іс-шара өтетін аумаққа скутерлермен, велосипедтермен, роликтермен және басқа да көлік құралдарымен кіруге тыйым салынады. Тек мүгедектер арбаларына рұқсат беріледі.

Фестиваль серіктесі: ROCKAFISHA концерттік агенттігі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз