Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
8
USD
421
0.00
EUR
499
0.00
RUB
5.6
0.00

Алматыда үштілділік реформасына байланысты алғашқы қоғамдық талқы өтіп жатыр

Ең алғашқы болып тіл жанашыры, ақын Мұхтар Шаханов сөз алды. Одан кейін жазушы ағамыз Қабдеш Жұмаділов өз ойын ортаға салды.

Қоғам қайраткерлері „үштілділік„ реформасының терең саясатына үңіліп, оны ұлтты жоюға бағытталып жатқан реформа деп бағалады. Осылайша ел ағалары өздерінің бұл реформаға қарсы позициясын ашық білдірді.

Жиынға білім және ғылым министрлігінен келген өкілдер де қатысуда. Олар сөз алу үшін өз кезектерін күтіп отыр.

Сондай-ақ қоғамдық талқыға елге танымал тұлғалар – тіл мамандары, тарихшылар, саясаткерлер, зиялы қауым өкілдері және ұстаздар қатысып жатыр.

Аталған шараны ұйымдастырушылар Болатхан Тайжан қоры мен “Жас Алаш” газеті екенін айта кетелік.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз