Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
23
USD
487
+1.07
EUR
555
+4.08
RUB
6.26
-0.15

Алматыда педофилдер бандасы пайда болды деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берілді

111

Алматы мектептерінің бірінде қалада педофилдер бандасы пайда болды деген хабарландыру ілінген. Сондай-ақ қалада 3 педофилдің емін-еркін жүргендігі туралы мәлімет Ват-сап арқылы ата-аналарға да жетіп, тыныштықтарын бұзған.

Алматы мектептерінің бірінде ата-аналарға хабарландыру ілінген. Онда қалада педофилдер бандасы пайда болды делінген.

Хабарландыруда педофил делінген адамдардың суреттері мен мәтін бар.

“Ескерту!!! Балаларыңызды, іні-қарындастарыңызды көрші үйдің балаларын ескертіңіздер! Бүгінде педофилдердің жаңа бандасы пайда болды делінген мәлімет бар. Олар ұсталмас үшін қаладан қалаларға көшіп жүреді! Былай әрекет етеді: аулаларда көлікпен баяу жүріп, терезеден қасақана күшік немесе мысықты түсіріп жібереді. Сөйтіп, олар қашып кеткен жануарды ұстап беруін балаларден сұрайды! Балаларыңызға ескертіңіздер! Ешқашан көмектеспесін, дереу 102-ге хабарлассын! Бұл хабарды достарыңыз бен таныстарыңызға таратыңыздар. Репост жасайық, достар, себебі бұл туралы барынша көп адам білсін (…)”, – делінген хабарландыруда.

Ал өз кезегінде Алматы қалалық ішкі істер департаменті бұл хабарландырудағы мәліметті тексеріп, Алматыда мұндай банданың жоқ екенін мәлімдеді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз