Алматылық студенттер Мемлекеттік рәміздер күнінің 25 жылдығына орай флешмоб өткізді
Шараның шымылдығы әдеттегідей еліміздің әнұранымен ашылды деп хабарлады “Хабар-24” телеарнасы.
Содан кейін студенттер ән айтып, өлең оқыды. Жүз студент би билеп, көк туымызды желбіретті. Қазақтың киелі шаңырағын бейнелеп, көкке көтерді.
Ерұлан Қарағұлов, Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің директоры:
– Туымыз бар, елтаңбамыз бар, әнұранымыз бар, соны біздің жастар әрі қарай алып кетіп, мәңгілік елде ертең жақсы маман болып, жақсы азамат болып, ішкі рухани байлығы мол болып, тәрбие көрсетіп, биік дәрежеге жетсін деп осындай шара өткізіп жатырмыз.