Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Алматыда Маским Арышевты ақтық сапарға шығарып салды

«Барлық қазақстандықтарға қолдау үшін алғыс білдіреміз. Біздің ұлымыз сол вагонға мінген 14 адамның бірі болып шықты. Ол қаскөйдің жанында тұрған және жарылыстың ең көп бөлігін қабылдаған. Барша Ресей қайғыруда. Кеше біз ұшып кетерде, барлық адамдар «ұлыңызды сақтап қала алмағанымыз үшін кешіріңіздер» деп бізден кешірім сұрады», – деді Максимнің әкесі Виталий Арышев.

Бір күн бұрын Санкт-Петербург тұрғындары Максиммен қоштасу үшін «Сенная площадь» метро стансасында жиналды.

Бұған дейін кейбір бұқаралық ақпарат құралдары оның терактіні ұйымдастыруға қатысы бар деп жалған айып таққан болатын. Максимнің анасы ұлына жала жапқан тілшілерді сотқа бермейтінін мәлімдеді. Қаза тапқан қазақстандықтың сүйген қызы Александра Максимді “кең пейілді, адамгершілігі мол жан” деп еске алады.

Еске салсақ, 3 сәуір күні 14:30 шамасында Санкт-Петербургтегі “Сенная площадь” және “Технологический институт-2” бекеттерінің аралығында жарылыс болды.  “Терррорлық акт” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейіннен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Максимнің терактіге қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз