Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Алматыда коронавирусқа қатысты ахуал күрделеніп кетті

103
Дереккөзі: sud.ua

«Қаладағы жағдай шынымен де күрделі. Денсаулық сақтау саласының қоры шексіз емес. Бұл ресурстар тіпті ең дамыған елдердің өзінде жетіспей отыр. Ал ондағы қаржыландыру көлемі біздің елімізбен салыстырғанда бірнеше есе жоғары. Ауру жұқтырғандар саны артуда. Соңғы уақытта қала клиникаларына күнделікті 100-ден астам науқас түсуде. Түсіндіру үшін айта кетейін, клиникалардың орташа қуаты 200-300 орын ғана, сәйкесінше, сұранысты қанағаттандыру үшін үш күннің ішінде бір инфекциялық стационар ашуымыз керек, ал бұл мүмкін емес. Бүгінгі күннің өзінде Covid-19 анықталған науқастарды емдеу үшін 10 (!) клиника жұмылдырылған, 1300-ден астам адам ем қабылдауда деп атап өтті шенеунік Faceboo-тегі парақшасында.

Сонымен қатар, Надыров басқа клиникалардың бейінін ауыстырып, инфекциялық стационар жасай алмаймыз, себебі онда инфаркт, инсульт немесе басқа да дерті бар адамдар жатыр деді.

«Мәселе тек бос орындарға байланысты емес, вирус жұқтырған науқастарды емдей алатын дәрігерлер бригадасының болуында. Сондықтан да біз адамдарды іріктеуге мәжбүрміз, жағдайы орташа және ауыр науқастарды ғана емханға жатқызамыз. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек дәрігерлеріне түскен ауыртпалық екі-үш есеге көбейіп кетті. Ал бұл вирустың арнайы емдеу тәсілі жоқ.  Сондықтан мамандардың нұсқауларын сақтамаудың алдында халықты жағдайды түсінуге шақырамыз. Басым көпшілігі біздің кеңестерімізге құлақ аспай жатқанын көріп отырмыз. Олар вирус  жұқтыру қауіпі өте жоғары екеніне әлі де сенбеуде. Бұның бәрі вирус жұқтырғандардың санының күрт артуына алып келді. Сондықтан халықтың мемлекет пен сарапшылардың пікіріне назар аударғаны маңызды», — деп түйіндеді Надыров.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз