Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-11
USD
420
0.00
EUR
510
0.00
RUB
5.72
0.00

Алматыда көлік қағып кетті деген жезөкшенің арызы бойынша рейд жүргізді

Қазіргі таңда аталған оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 308-бабы бойынша (“Жезөкшелiкпен айналысуға тарту”) іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

https://kaz.365info.kz/4-zhyl-khyldykhta-boldym-degen-khyzga-khorlykh-korsetken-kimder-314599

“Қыздың айтқан мекен-жайы бойынша рейд жүргізіліп, ешқандай притон табылмады. Көршілерінің айтуынша, аталған үйде кішкентай балалары бар отбасы тұрады екен. Алматы қалалық ІІД халықтан шындыққа жанаспайтын пікір айтудан сақтануға шақырады. Өйткені, жалған пікір айтып та жауапкершілікке тартылулары мүмкін”, – дейді полицейлер.

Қазіргі таңда Тергеу және Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармаларының мамандары жезөкшенің басынан өткен оқиғалары жайын түгелімен тексеріп жатыр. Қыздың өзі куәгер ретінде қорғауға алынған.

 

https://kaz.365info.kz/on-erkekke-khyzmet-korsetip-seks-khyldykhta-bolgan-bojzhetken-symdykh-okhigany-ajtty-video-314447

Еске салайық, 6 мамыр күні әлеуметтік желілерде сутенерден қашамын деп көліктің астына түсіп қалған жезөкше жайында видео тараған болатын. Қыздың өзінің айтуынша, басты сутенер Қырғызстан азаматы көрінеді. Ал, оларды полицейлердің өздері “қамқорлығына” алған деді жәбірленуші.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз