Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алматыда құлдықта болдым деген 16 жасар павлодарлық жауапқа тартылуы мүмкін

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мамандары жасөспірімнің Алматыда 1,5 ай құлдықта болдым деген ақпаратын тексерді. Аталған дерек ҚР ҚК 126-бабымен сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Қылмыстық іс негізінде Алматы полициясы павлодарлық әріптестеріне тиісті тергеу амалдарын жүргізуге тапсырма берді.Тексеру барысында 16 жастағы жігіттен жауап алынған.

«Жас жігіт Алматыға ақша табу үшін келгенін айтты. 1,5 ай бойы Алматыда жеке құрылыс орнында күніне 3-4 сағаттан жұмыс істеген. Осы уақыт аралығында ол қонақ үй типіндегі бөлмені жалдап тұрған», – деді ІІД баспасөз қызметінен.

Полиция құлдық туралы қылмыстық істі тоқтатты. Есесіне бұл туралы ақпарат таратқан тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалатын болды.

«ҚР ҚК 274-бабының 2-бөлімімен жалған ақпарат тарату бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталады. Әр адам айтқан сөзі үшін жауап беруі тиіс. Бүгінде жалған ақпарат таратқан адамдар айыбы дәлелденсе, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді немесе сол көлемдегі түзеу жұмыстарын жасайды. Болмаса 2-5 жылға бас бостандығы шектеулі мүмкін», – деді полициядан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз