Бұл туралы tengrinews.kz хабарлайды.
Бұл жағдай бүгін шамамен түс мезгілінде болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам қоқыс жәшігіне құлаған. Оқиға орнына құтқарушылар мен жедел жәрдем көлігі келген. Қазіргі уақытта криминалистер жұмыс істеп жатыр. Полицейлер қонақүйді қоршауға алған. Дереккөз мәліметінше, 39 жастағы ер адам жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатып құлап кеткен. “Ол шетінде тұрып, ұстап қала алмай – төменге құлады. Ол оқиға орнында қаза тапты”, – деді куәгерлер.