Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
6
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Алматыда Қазақстан қаржыгерлер конгресінің VIII отырысы өтіп жатыр

Жиынның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев, Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің Төрағасы Елена Бахмутова сөз сөйледі.

«Соңғы екі жылда біз дәйекті түрде инфляцияны төмендетудеміз және мақсатты дәлізді орындаудамыз.

Оның үстіне осы жылдан бастап Қазақстан Ұлттық Банкі инфляция бойынша мақсаттыбағытты кезең-кезеңімен төмендетуді бастады, бұл салыстырмалы елдердің даму деңгейіне дейін жеткізу мақсатында жасалуда.

Егер 2017 жылы инфляция дәлізі 6-8% құраса, биыл ол 5-7% жетті, 2019 жылы – 4-6% болмақ. Орташа мерзімді тапсырма – 2020 жылы инфляцияны 4% дейін және одан төмен ету», -дейді Данияр Ақышев.

Сондай-ақ биылғы іс-шара жаңа форматта өтпек. Қазіргі заманда орталық банктердің алдында тұрған сын-қатерлерге арналған тақырыптар бойынша түрлі сессиялар, сондай-ақ ұлттық валюталарды трансшекаралық есеп айырысуларда пайдалану, тәуекелге бағдарланған қадағалау, ипотекалық форум, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сессиялар өтеді.

Ұлттық валюта теңгенің 25 жылдығын мерекелеуге байланысты сессиялардың бірі қолма-қол ақшаны пайдалану тақырыбына арналған, оның барысында қолма-қол ақша айналысының және оның болашағының мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Сондай-ақ осы жиын аясында Қазақстан биржалық форумы өтеді, оның күн тәртібі «Қор биржаларының экономиканың орнықты дамуындағы рөлі» деп аталады.

Қазақстан биржа форумы қор нарығының және Орталық Азия өңірінің орталық пікірталас алаңы болмақ, онда экономиканы қор нарығының құралдары арқылы қаржыландыру, биржа инфрақұрылымын дамыту және биржа құралдарын ілгерілету мәселелерін көтеру жоспарланып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз