«Сағындым Алматымды» деп аталатын мерекелік кеш 17 қыркүйекте Төле би мен Абылай хан көшелерінің қиылысында орналасқан алаңда өтеді.
Осы жексенбіде КБТУ алдындағы алаңда келушілер ерекше алматылық vibe-ті сезіне алатын болады. Бұл кеш шығармашылықтың, еркіндіктің, жастықтың, сапалы музыканың, жарқын шоудың естелігі болмақ.
Оған қоса, музыка сүйер қауымның назарына сонау 80-ші жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін ел аузынан түспей жүрген хит әндер ұсынылмақ. Оны орындайтындар:
Соңғы жылдары қарқынды дамып жатқан қазақ музыкасының тыңдарманға берері көп. Қаншама ән жаңадан туып, қаншама ән қайта жаңарды, көрермен көңілінен өз орнын тапты. «Сағындым Алматымды» сол қалыптасқан тенденцияны айқындап көрсетеді. Өйткені, Алматы – мәдениетіміздің отаны, музыкадағы трендсеттер, шығармашылықтың бастау алатын мекені. Мереке Алматы қаласы Әкімдігінің ұйымдастыруымен өтеді.
Осындай мерекелік кештің куәсі болуға шақырамыз.
Өтетін жері мен уақыты