Алматыда көпқабатты үйдің шатыры өртеніп жатыр. Өрт Рысқұлбеков көшесінде Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының маңындағы тұрғын үйде шыққан.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт шыққан үйдің тұрғындары эвакуацияланған, төтенше жағдай орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.
СТВ арнасындағы “Территория происшествий” бағдарламасындағы мәліметке сүйенсек, Щепкин 35 мекен-жайындағы ғимараттың шатыры өртенген. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.
– Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің айтуынша, Бостандық ауданындағы тұрғын үйде шыққан өрт туралы хабар “101” пультіне 12.20-да түскен. “Бірінші өртсөндіру есебі төрт минуттан кейін жетті – 12.24. Өртсөндірушілер суды шаша бастады, сонымен қатарласа адамдарды эвакуациялады. Өрттің таралу қаупі сақталып отыр. Өртсөндіру сатысымен 53 адам эвакуацияланды, – деп мәлімдеді қалалық төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.