Алматыда ит ойнап отырған балаға шабуыл жасады.
Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Оқиға «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінде орын алған.
Видео Instagram-парақшасындағы kaztwitter тобында жарияланған. Онда әйел баланы әткеншекке тербетіп тұрады. Сол кезде әлгі ит сәбиге атылып, киімінен тістелеп тартқылайды.
Абырой болғанда әйел баланы құтқарып қалады. Баланың жағдайы белгісіз.